Сейсенбі, 24 ақпан, 10:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Тұрақты тіркестерді ойын арқылы үйрету: Нұрасылдың жобасы «Зерде» байқауында үздік атанды

24.02.2026

64 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрасыл Әбдікер (жетекшілері Ақбота Жұмабай, Гүлзат Шынтасова) «Эмоция тілі» атты үстел ойынын жасады.

Жоба идеясы Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя шығармасын оқығаннан кейін туындаған. Нұрасыл көптеген оқушылар тұрақты тіркестерді түсінуде қиындыққа тап болып, мәтіннің мәнін толық сезіне алмайтынын байқаған.

Тұрақты тіркестерді ойын арқылы үйрету: Нұрасылдың жобасы «Зерде» байқауында үздік атанды

Ойын қуаныш, қорқыныш, реніш, ашу сияқты эмоцияларды білдіретін фразеологизмдерді үйретуге көмектеседі, сөздік қорды байытады және қазақ тілінде көркем сөйлеуді дамытады. Сыныпта жүргізген апробация нәтижесінде балалардың шығарманы оқуға қызығушылығы артып, мазмұның терең түсінуге мүмкіндік бергені байқалды.

Тұрақты тіркестерді ойын арқылы үйрету: Нұрасылдың жобасы «Зерде» байқауында үздік атанды

Жоба 2–7 сынып оқушылары арасында өткен XXI Республикалық «Зерде» шығармашылық және зерттеу жобалары байқауында жоғары бағаланды. 260 жұмыс арасынан Нұрасылдың жобасы II орынмен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: