ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 2026 жылғы 6 қаңтарда Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушыларға дресс‑код бойынша маңызды нұсқаулықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оларға ҰБТ-ға қалай киініп келу керектігі көрсетілді.
«Тестіленушілердің тәртіптілігін қамтамасыз ету мақсатында ресми үлгідегі киіммен келу ұсынылады. Бұл ретте ҰБТ-ға міндетті түрде мектеп формасында келу талап етілмейді, алайда киім қатаң, ұқыпты және жалпыға ортақ әдеп нормаларына сай болуы тиіс», делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
