Сәрсенбі, 21 мамыр, 21:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

ҰБТ: Болашақ мұғалімдер үшін шекті балл көтеріле ме?

21.05.2025

94 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы педагог мамандар үшін талапты күшейтуді ұсынды, – деп хабарлайды kz.kursiv.media

Фракция депутаттары педагогика мамандықтары бойынша грантқа түсуге ниетті түлектер үшін бірыңғай ұпайдың шегін белгілеу қажет деп санайды

Фракция мүшесі Ирина Смирнованың айтуынша, аяқталғалы жатқан оқу жылында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша ең төменгі балл бар болғаны 81 (өткен жылы – 89), ал «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бағыты бойынша – 75 балл деп белгіленген.

«Ал құқықтану, құқық және журналистика сияқты салаларда бұл көрсеткіш 115 балдан басталды. Біз балаларды оқытып, тәрбиелеуге шын жүректен ниетті адамдар ғана болашақ педагог болуға тиіс деп есептейміз. Бұл мамандықты тек грант алу үшін, қалған таңдаудың ішіндегі амалсыздан таңдау ретінде қарастыру дұрыс емес», – деді депутат министр Саясат Нұрбекке жолданған сауалында.

 Партия депутаттары шетелдік тәжірибені мысалға  алды. Мәселен, Финляндияда педагогикалық ЖОО-ға тек мектеп бітірушілердің ең үздік оннан бірі ғана түсе алады, ал Жапонияда болашақ мұғалімдер толыққанды жұмысқа кіріспес бұрын мектептерде ұзақ мерзімді тәжірибеден өтеді.

«Сонымен қатар, ынталандыруды күшейту үшін «үздік» бітірген түлектерді жұмысқа бөлу механизмін енгізуді ұсынамыз. Бұл жүйе оларды жұмыс орнын таңдауға мүмкіндік беруі керек. Қазіргі таңда түлектердің өз бетінше жұмыс іздеуіне тура келеді, ал бұл ретте оларға еңбек өтілі мен аттестация нәтижелері секілді талаптар қойылады. Бұл – жас маман үшін елеулі қиындық тудырып, мамандықтың тартымдылығын төмендетеді», – деп қосты Смирнова.

Айта кетейік, ел бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі сынағы жүріп жатыр. Тестілеу 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін де бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгіледі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: