Сәрсенбі, 31 шiлде, 15:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60-2070
30.07.2024
PDF мұрағаты

ҰБТ-дан 1 балл жинаған Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алды

31.07.2024

27 0

Биыл ҰБТ-дан 1 балл жинап, елді шулатқан Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

  • Özyeğin University: Жасанды интеллект
  • OSTİM: Авиация және ғарыш техникасы
  • Final University: Стоматология
  • Antalya Bilim University: Сәулет
  • World Peace University: Бағдарламалау
  • Domus University: Ойын дизайны
  • KOSTU: Бағдарламалау
  • Вeykent University: Актерлік шеберлік

Бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік. 

Кейінірек Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ерасыл Уәлиевтің екі рет – 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін мәлімдеді.

«12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн», – деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: