Жұма, 23 мамыр, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлек сыйлыққа айфон, ноутбук, теледидар және пәтер алды

23.05.2025

102 0

Түркістан облысында ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлек сыйлыққа айфон, ноутбук, теледидар және пәтер алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҰБТ-дан 140 балл алған Түркістандық Жәнібек Әбілханға пәтер сертификаты табысталды.

«Тұрғын үй сол жас түлек оқуға түсетін қалаға қарай рәсімделеді. Егер ол Астанада білім алуды таңдаса, пәтер елордадан беріледі. Ал егер Алматыны таңдаса, пәтер Алматыдан болады», – деді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін Жәнібекке білім саласы өкілдері құнды сыйлықтар тарту етті. Мектеп директоры түлекке iPhone, аудандық білім бөлімінің басшысы ноутбук, ал аудан әкімі теледидар сыйлады.

Айта кетейік, Жәнібек Әбілхан ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған. Түркістан облысының әкімдігінің мәліметінше, Жәнібек 1-сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: