Дүйсенбі, 07 қазан, 06:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

ҰБТ-ға дайынсың ба, жас түлек?

14.05.2022

1083 0

Санаулы күндерден кейін биылғы мектеп бітірушілердің білім деңгейін анықтайтын ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Он бір жылдық жиған ілімнің нәтижесі нақтыланады. ҰБТ – әрбір жас түлектің жаңа өмір жолындағы алғашқы асуы болса, білім ошақтары үшін бәйге. Бағы жанғандарды анықтайтын сын сағаты жақындаған сайын ЖОО-ға түсуге талпынған ақ қанатты армандардың жүрегі лүпілдеп, көңілдері елеңдеп бір мазасыз күйге түсетіні мәлім.

Аймағымыздағы мектептер бойынша осы оқу жылын 8 мыңға жуық оқушы бітіреді. Олардың ішін­де 7508 түлек ҰБТ-ға қатысады деп күтілуде. 14 мамырға дейін Ұлт­тық бірыңғай тестке өтініш жасау электронды форматта қабылдана­ды. ҰБТ және барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды фор­мат­қа көшірілген. Облыстық білім басқармасы басшысының сөзіне сүйенсек, мұның ең басты артықшы­лығы барлық процестің ашықтығы мен азаматтарға қолайлы жағдай жасалуында. 

– ҰБТ-ға өтініштердің басым көпшілігінің электронды форматта тапсырылуы азаматтар арасында сұ­ра­нысқа ие болды. Өтінішті қабылдау 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz сайтында жүргізіл­ді. Биыл түлектерге тест тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік беріледі. Яғни тек бір бейіндік пәндер комбинациясын таңдай ала­ды. Пәндердің санында өзгеріс жоқ. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Түлектердің сынаққа дайындалуы  үшін Ұлттық тестілеу орталығының тегін онлайн-сынақ тестілеуі іске қосылған. Со­нымен қатар Ұлттық тестілеу ор­талығымен бір­лесіп әзірленген білім беру орта­лықтарының тегін онлайн сабақ­тары жалғасып жатыр. Ал ерекше білім беруді қажет ететін та­лапкерлерге қолайлы жағдай жа­салады. Олар үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 ми­нут берілді. Сонымен бірге олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленген, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызы.

Ескеретін жайт, академиялық адал­дықты сақтау үшін талапкер­лердің тест нұсқасы таңбаланады. Ережелерді бұзған және тест тап­сырмаларын аудиториядан тыс жер­ге шығаруға тырысқан жағдайда, Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзу­шыларды анықтап, оның тест нәтижелерін жояды. ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұз­дың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады.

Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

«Бап шаба ма, әлде бақ шаба ма?» дегенімізбен бұл сынақ олар үшін – маңызды. Бағы жанғандардың қуаныштары қойнына сыймай, төбе­лері көкке жете жаздаса, сыннан сүрінгендердің көбі қамығып, күй­зеліске ұшырап жатады. Сондықтан бұл сынаққа  ақыл-ойдың сергектігі, жинақылығы және жүйелі ой еңбегі қажет. Білімге деген шын құштарлық пен құрмет, жігерлі сілкініс пен ізденісті талап етеді. Қатаң тәртіп­ке бағыну, өзіңді-өзің үздіксіз қам­шылауың керек. Білімдінің өрісі қашан да кең болары тағы анық.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: