2023, 2024 жылдары 510 мың орынға арналған 422 мектеп салынуы – 100-ге жуық үш ауысымды білім ұяларын ғана емес, 200-ден астам мектепте орын тапшылығын жоюға мүмкіндік берген, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаеваның айтуынша, жүйелі шаралардың арқасында 2 жыл ішінде үш ауысымды мектептер саны 3 есеге қысқарған.
Былтыр 105 «Жайлы мектеп» берілсе, биыл жыл соңына дейін тағы 112 мектеп құрылысын аяқтау жоспарға алынған.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 61 мектептің құрылысы қаржыландырылған, оның шеңберінде тағы 28 білім ордасын салу жоспарланып отыр. Сонымен қоса, жыл сайын ауылдық мектептерді күрделі жөндеу әрі заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жүргізіліп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!