Жұма, 24 қазан, 21:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Үздік мұғалімдер 4 млн теңгеден алды

24.10.2025

51 0

Фото: BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы конкурстың нәтижесінде, білім беру саласының 64 маманы жеңімпаз атанды.

Елімізде 2012 жылдан бері “Үздік педагог” конкурсы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып, жемісті жұмысымен, ерекше шеберлігімен көзге түскен ұстаздарды анықтау.

Бұл сайысқа білім беру ұйымдарында 5 жыл үздіксіз еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады. Конкурс барысында педагогтердің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі, жұмысының тиімділігі мен кәсіби шеберлігі ескеріледі.

Биыл “Үздік педагог” республикалық байқауының іріктеу кезеңіне (аудандық) 1468 маман қатысып, одан өткен 793 педагог облыстық деңгейде бақ сынады. Дәстүрлі конкурстың финалдық кезеңіне 174 маман жолдама алды. Оның ішінде орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру, мектепке дейінгі, қосыша білім беру ұйымдарының педагогтері бар. Өз ісінің шебері деп танылған бұл мамандар республикалық кезеңде “Үздік педагог” атағы үшін сайысқа түсті.

25 қыркүйек күні конкурстың республикалық кезеңі бастау алған болатын. Ал бүгін Республика күні қарсаңында 64 жүлдегердің есімі жарияланды. Байқау жеңімпаздарына “Үздік педагог” атағы беріліп, 1000 АЕК көлеміндегі сыйақы табысталады.

Осыған дейін Қазақстанда 700-ден астам маман “Үздік педагог” атағын иеленді.

Сонымен қатар бұл күні білім беру жүйесінің қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: