Аудандық және облыстық кезеңдерден үздік шыққан 174 педагог республикалық кезеңде бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Олардың арасында орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру, мектепке дейінгі, қосыша білім беру ұйымдарының педагогтері бар.
25 қыркүйек күні конкурстың республикалық кезеңі басталды. Республика күні қарсаңында еліміздің «Үздік педагогі» анықталып, жеңімпаздардың есімі жарияланады. Жүлдегерлерге «Үздік педагог» атағы беріліп, 1000 АЕК көлеміндегі сыйақы табысталады.
Аталмыш байқау 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам «Үздік педагог» атағының иегері бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!