Жұма, 22 қараша, 16:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

«Үздік жас маман – 2022» анықталды

07.12.2022

1088 0

Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет назарынан түскен емес. Еліміздің болашағы – болашағы жастардың қолында. Сондықтан да жас мамандарға да әркез жағдай жасалып, қолдау көрсетіліп келеді.

Қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен С.Лапин атындағы №261 орта мектеп базасында «Үздік жас маман – 2022» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқау дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында өтті. Оған қатысқан спортшы ұстаздар практикалық икемділігін көресете білді.

Байқаудың негізгі мақсаты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің озық іс-тәжірибесін, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қолдау көрсету болатын.

Қатысушылар арасынан 5 кезең бойынша өзара мықтылар анықталды.

Байқауға қатысқан жас мамандар өз білімдерін, өнерлерін, шығармашылығын іздемпаздылық қасиетін ортағасалды. Сайыстың бағалау критерийлері іс-тәжірибесінде жаңашылдық идеяларын іске асыру, жас маманның кәсіби шеберлігі, педагог жұмысының жүйесі, педагог қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі, педагогтің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені жинақтау нысандарын жетілдіру, шығармашылық іздемпаздылық негізінде жасалды.

Қазылар алқасына үзіктерді анықтау қиынға түсті. Себебі, жас мамандар үлкен дайындықпен келген. Олардың әкелген тың идеясы жоғары бағаланды.

Байқаудың нәтижесінде ІІІ орынға С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ-мектеп-лицейінің мұғалімі Өркен Останов, №11 мектеп-лицейдің мұғалімі Самат Серікбаев және №178 орта мектептің мұғалімі Арман Жексенбаев ие болды. Ал, ІІ орынға Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейдің мұғалімі Сұлтан Аяпов пен №176 орта мектептің мұғалімі Мөлдір Раушанбек лайық деп танылды. Байқаудың шарттарына сәйкес, Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейдің мұғалімі Ақерке Болатбекова жүлделі І орынға ие болды.  Ол облыстық кезеңге жолдама алды.

«Бұл ғасыр – тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол, ұмтыл алға, жас маман! деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілейміз.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

"Үздік жас маман – 2022" анықталды
"Үздік жас маман – 2022" анықталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: