Сейсенбі, 15 шiлде, 19:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52,2165
15.07.2025
PDF мұрағаты

Ұлағаты мол ұстаз 

15.07.2025

143 0

Жазира Смағұлова өзіне тән ұстаздық  өрнегін таныта білген, білімді маман. Білім беру жүйесінде еңбек еткен 25 жыл ішінде өзін үлкен жауапкершілікпен қарайтын педагог ретінде танытты. Қазіргі уақытта Е. Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының биология пәні мұғалімі, педагог-шебер болып жұмыс істейді.

Жазира Сейдалықызы педагогикалық еңбек өтілін  1997 жылдан бастаған. Сол кездегі мықты профессорлар: Н. Даркулов, А.Балтаев, С. Тайманов, Т. Кемелова, Қ. Ділімбетов секілді кілең мықты профессорлардан  білім алған Жазира Сейдалықызының да ұстанымы өте мықты.

  Жазира Сейдалықызы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауы, республикалық «Педстарт» кәсіби конкурсының жүлдегері. Халықаралық, республикалық конференцияларда, халықаралық ұстаздар саммитінде өз тәжірибесімен бөлісіп жүрген ұстаз.

Оның сабақтары тапсырмаларының тиянақтылығымен, оқушылардың теориялық білімдерінің дұрыс қолдануымен, өз бетінше қорытынды жасап, қызығушылық іс-әрекеттерін дамытудағы әдіс-тәсілдерімен  ерекшеленеді. Педагогтың білімі үздіксіз шыңдалып отыруды мақсат етіп, халықаралық,  республикалық, облыстық көлемдегі семинарларға қатысып, өзін дамытып отырды.  Білікті маман ретінде республикалық, облыстық семинарларда шебер сынып сағаттарын көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп отырды.

Өз маманының шебері,  Жазира Смағұлованың әр сабағы  әрбір минутына дейін саналған, жүйеге келтірілген. Сабақтардың барлығы өте жоғары дәрежеде өтеді, оқушылар қызығушылықпен жұмыс істейді. Шәкірттерімен тіл табысуы, шәкірт жүрегіне жол таба білуі, бірлесіп жұмыс жасауы өте жоғары. Мұғалімнің шәкірттері үнемі жоғары деңгейден көрініп  отырады. Жыл сайын ҰБТ бойынша биология пәнінен оқушыларды дайындауда тынбай еңбектенеді. Оқушылары жоғары көрсеткіш көрсете отырып, грант иегерлері атанды. Ізденімпаз, талғампаз ұстаз бар шығармашылық  әдістемесін,  білімін  шәкірттер жүрегінде білім нәрін себуге арнайды. Оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып отырды.

Мәселен, соңғы үш жылдың көлемін айтатын болсақ, оқушылары Республикалық Президенттік олимпиаданың күміс медаль иегерлері атанды.  Мәселен,  Нұрдаулет Бергенбекұлы мен Нұрлыхан Қақпан жүлделі ІІ орын иеленіп, күміс медальмен марапатталған. Сондай-ақ  5 түрлі жоғары оқу орындарына грант ұтып алуы ұстаздың берген  бағыт-бағдар арқылы ізденіп білім алуы мен  тынбай еңбектеніп, дарындылықтарының нәтижесі. Ал Шаһида Қайырбек халықаралық, республикалық  олимпиадалардың  биология пәні бойынша күміс жүлдегері.  2023-2024 оқу жылында оқушысы Саяжан Шералиева жалпы білім беретін пәндер бойынша  биология пәнінен республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен  оза шауып жүлделі болып, бірнеше сараптамадан өтіп, республикалық кезеңінен жүзден жүйрік болып, ІІ орынға ие болып, күміс медальмен марапатталып,  жоғары оқу орнының грантын ұтып алды. Жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша, биология пәнінен оқушылары жүлделі орындармен мектеп қоржынын жетістіктерге толтырып отырады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша биология пәнінен 2024-2025 оқу жылында  10 сынып оқушысы- Малика Балымбет ІІ орын, 11 сынып оқушысы – Сабина Тиыштан ІІІ орын, юниорлық  олимпиададан биология пәні боынша  8 сынып оқушысы Балым Қадырберді ІІІ орын иеленді.

          Шәкірттеріне сапалы білім берудегі, олимпиада, түрлі сайыстарда жыл сайын жүлдегерлерді жарыққа шығарып, ҰБТ-ке дайындаудағы үздіксіз  еңбектің, тынбай жұмыс жасап, ізденудің  нәтижесінде Жазира Сейдалықызы бблыстық білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыстық маслихаты, «Өрлеу»БАҰО-ның, «Дарын»РҒПО-ның Құрмет грамотасымен, ҚР Оқу ағарту министрлігінің құттықтау хатымен марапатталып, Жыл үздігі болды.

          Жазира Сейдалықызы алдағы уақытта да жемісті еңбек етіп, биіктен көрінетініне сенімім зор. Мектеп ұжымы мен оқушылары арасында беделді, облыс көлемінде өзін жоғары іс-тәжірибесімен көрсетіп жүрген білікті маман. Қазақстан Республикасының болашақ зиялы қауымын қалыптасыру бағытында аянбай еңбек ететін білікті ұстаз болуымен қатар, түрлі сайыстарда өзінің креативті ұшқырлылығымен, дарындылығымен үлкен белестерді бағындыратынына сенім зор.

                                                           Шакизат Бейсенова,

физика  пәнінің мұғалімі, Үздік педагог, Білім беу ісінің құрметті қызметкері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: