Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

25.01.2022

690 0

Аймағымызда қаңтар айындағы алғашқы ҰБТ 25 қаңтардан басталып, 22 ақпанға дейін созылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

Бұл сынақ – шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, сондай-ақ университеттерге ақылы негізде түсетін мектеп бітіруші түлектерге арналған.

Бүгінде аймақтағы 7 514 мектеп бітіруші түлектің 6 106-ы немесе 81% тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Алғашқы тестілеу күнінде 203 түлек он бір жылғы білімін тезге салып, бақтарын сынайтын болады.

– Облыс көлемінде 3 тестілеу пункті жұмыс істейді. Айта кететін жайт, оқушылардың ҰБТ өтетін тестілеу пунктіне баруы мен қайтуы, жол шығыны және қауіпсіздігіне ата-аналары немесе оларды алмастыратын заңды өкілдері тікелей жауапты болады, – деді басқарма басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Білім және ғылым министрлігінің шешімімен қаңтардағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау және тапсыру мерзімі өзгерген еді. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау уақыты 21 қаңтарға дейін ұзартылып, тестілеуді 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізу жөнінде шешім қабылданған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: