Наурыз – жаңа бастамалардың, бірлік пен келісімнің, ізгілік пен бейбітшіліктің, қайырымдылық пен мейірімнің мерекесі. Осы орайда №7 мектеп-лицейінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен«Ұлттық тәрбие мен ұлттық құндылықтар» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен тұспа-тұс өткізілген семинарға арнайы қонақтарымыз қатысып, керемет шараның куәсі болды. Атап айтсақ:
Шараға қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Қуандық Көпжасаров пен Ғазиз Убаев, қалалық мәдениет және спорт бөлімінің әдіскері М.Аяғанова, «ҚазСуШар»облыстық мекемесінің жетекші маманы Е.Қабылұлы, қалалық ювеналды полиция бөлімшесінің полициясының ювеналды майоры А.Ерназарова, «NovaKids Даму бала» өнер үйірмесінің директоры Р. Жұқашова және облыстық «Бойтұмар» қыздар клубының жетекшісі А.Маратқызы қонақ болып, мерекемен құттықтады.
Семинар соңы фестивальға ұласып, салтанатты шарада ән шырқалып, би биленді. Өнерпаздар жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүрлер дәріптеліп, мектеп өміріндегі қазақылықтың иісі аңқыған тамаша игі салтанатты думан орын алды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!