Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырған шарада 7-сынып оқушылары Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын талдады.
Сабақ барысында оқушылар Гексагон әдісі арқылы топтық жұмыс орындап, «Отбасы – алтын діңгек», «Әке көрген оқ жонар», «Әже – ұрпақтың жүрегі», «Ағайын – ағайынның айнасы» тақырыптары бойынша туындының негізгі идеяларын талқылады.

«Мәтін талдау» бөлімінде қатысушылар шығармадан алынған үзінділер арқылы рухани-адамгершілік және отбасы құндылықтарын, ұлттық салт-дәстүрлердің мәнін ашып, бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып өз ойларын дәлелмен жеткізді.

Іс-шара соңында белсенділік танытқан оқушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
Әбдікер Нұрасыл – «Зерек оқушы» (7А),
Рахимбек Инабат – «Шешен оқушы» (7А),
Жақсыбай Мұстафа – «Көшбасшы оқушы» (7Е),
Сайлауова Айару – «Креативті оқушы» (7F),
Болат Аяулым – «Білімді оқушы» (7К),
Қасымхан Айару – «Тапқыр оқушы» (7К).
Шара оқушылардың әдеби талдау дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.


Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!