Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ұстаздар тәжірибе алмасты

24.11.2022

1022 0

Қызылорда қаласындағы №171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепте «Құзыреттілікке бағытталған білім-жаратылыстану бағытында» тақырыбында ашық есік күнінің ашылуы өтті. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткен шарада мұғалімдер өз біліктіліктерімен бөлісті. Шараға қатысқан ұстаздар қауымы білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды үйреніп, әріптестер арасында тәжірибе алмасты.

№171 орта мектептің директоры Бекзат Ибраев және қалалық білім бөлімінен химия, биология, география әдістемелік бірлестігінің жетекші маманы Нұрқанат Ақылбайұлы кездесуде сөз алып, маңызды кездесуге сәттілік тіледі.

Ашық есік күнінде биология пәні мұғалімі Анар Рүстемова «Биология сабағында «Word wall» платформасын пайдалану» тақырыбында сабақ көрсетті. Ал химия пәні мұғалімі Гулайна Жакупова «Flippity»  платформасын химия сабағында қолдану» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар химия пәні мұғалімі Мөлдір Медетова да «Phet» интербелсенді симуляторын қолдану» тақырыбында өзінің педагогикалық әдіс-тәсілдерімен бөліссе, география пәнінің мұғалімі Рсалды Смагулова  «География сабағында «Flippity» платформасын қолдана отырып, шаблондармен жұмыс істеу» тақырыбында сөз сөйлеп, педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Кездесуде сондай-ақ әріптес ұстаздар «Әр ұстаз − бір әлем» тақырыбындағы Зарипа Сматуллаеваның тренингіне қатысты.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: