Бейсенбі, 09 қазан, 17:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Ұстаздың өмір өрнектері

09.10.2025

74 0

Осындай атаумен Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде фотокөрме бастау алды. Онда ұстаздардың сүйікті ісі мен жеке қызығушылықтарын бейнелейтін суреттер ұсынылды.

Көрме экспозицияларында ат спорты, тауға шығу, саяхаттау, отбасылық құндылықтар, домбыра мен гитарада ойнау, балық аулау, фотоөнер, киім дизайны, мозаика құрастыру және бау-бақша өсіру секілді алуан түрлі хоббилер көрініс тапқан. Әрбір туынды – мұғалімнің ішкі жан дүниесі мен өмірге деген көзқарасын ашатын ерекше көрініс.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Доскужаеваны оқушылар мектептегі ең талғампаз ұстаз ретінде таниды. Алайда оның киім үлгілерін өзі пішіп, өзі тігетіні көпшілікті таңғалдырды.

«Хобби – мен үшін шабыт көзі. Тігуді 12 жасымда үйрендім. Ол кезде барлық киімім бір матадан тігілсе де, пішіні әртүрлі болатын. Қазір ескі киімдерге жаңа өмір беріп, ерекше образдар ойлап табуға тырысамын. Әлемді көркейту – өзіңнен бастау алады деп ойлаймын», – дейді Айгүл Доскужаева.

Көрменің ұйымдастырушылары бұл жобаның басты мақсаты – оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірінен шабыт алуына жағдай жасау екенін атап өтті.

«Біз ұстаздың қалыпты бейнесінің ар жағында шабыт пен шығармашылыққа толы тұлға тұрғанын көрсеткіміз келді. Әр мұғалімнің өз қуанышы, өз шабыт көзі бар. Дәл осы қасиеттер оларды оқушылармен жақындастыра түседі», – дейді мектептің PR-менеджері Елена Рыбина.

Фотокөрме көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Оқушылар мен ұстаздар шабыт алып, бірі ұмыт болған сүйікті ісін қайта қолға алуға, енді бірі жаңа бағытта өзін сынап көруге ынталанды.

Ұстаздың өмір өрнектері
Ұстаздың өмір өрнектері
Ұстаздың өмір өрнектері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: