Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 23:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Вертикалды басқару: Білім бөлімдері басқармаға бағынады

09.02.2021

1772 0

Жыл басындағы жаңалықтың бірі – білім беру саласындағы басқару жүйесіне енгізілген өзгерістер.  Мемлекет басшысының тапсырмасымен білім саласын басқару жүйесін өзгертетін заң қабылданды. Енді аудандық, қалалық білім бөлімдері тікелей облыстық білім басқармасына бағынатын болды.

Білім саласын басқару жүйесіне өзгерістер енгізу және оның тиімділігі туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқан болатын.

Министрдің айтуынша, халықаралық зерттеулер ай­мақ­тардағы білім сапасының әртүрлі екенін көрсеткен. Елімізде бірыңғай нормативтік құқықтық актілері, бірыңғай стандарттар мен талаптар бір болғанының өзінде өңірлердегі білім сапасындағы айырмашылықтар бар.

– Егер білім беру ұйымдарын қаржыландыру мәселесіне көз жүгіртсек, онда да бір облыс ішінде диспропорцияны байқауға болады. Бұл, әсіресе, мектептерді жылу маусымына дайындау, оқулықтармен қамтамасыз ету, жөндеу жұмысымен жаңа білім беру ұйымдарын салу кезінде байқалады. Бүгінгі жағдай мынадай: мектептер мен балабақшалар аудандық және қалалық білім беру бөлімдеріне бағынады, ал білім бөлімдері өз кезегінде аудандық немесе қалалық әкімдіктерге бағынышты. Ондағы басшылар аудан немесе қала әкімдерінің шешімі бойынша жұмысқа тұрады, қызметтен босатылады және мекеме қаржыландырылады. Ал облыстық білім беру басқармаларының заңды түрде және іс жүзінде де ешбір қаржылай, әкімшілік құзыреті болмағандықтан мектептер мен балабақшалардың дамуына айтарлықтай әсер етпейді. Облыстық басқармалардың құзыретінде колледждер, дарынды балаларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 5-10 мектеп, балалар үйі, ПМПК бар. Бұл басқармалар өңірлердегі әкімдерге бағынады, әкімдіктерден қаржыландырылады. Басшыларын да облыс әкімдері тағайындайды– деген болатын министр.

Биыл қаңтар айында саладағы басқару жүйесіне өзгеріс енгізу басталып та кетті. Бұл өзгерістің  аймағымызда  жүзеге асу барысын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова баяндады.

–  Басқару жүйесі екі кезеңде іске асады. Бірінші, әкім­діктердің білім беру саласындағы функцияларын облыстық деңгейге беру. Бұл бағытта өткен жылдан бастап облыстық білім басқармасы қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшысын тағайындауды бастады. Екінші кезең бойынша қаңтар айы­нан бастап саланы қаржыландыру облыстық деңгейге өтуде. Бұл ретте барлық білім беру ұйымдары басқарманың вертикалды басқару жүйесіне көшеді. Яғни, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім беру басқармаларына берілді. Бұл өзгерістер мемлекеттік саясатты іске асыруда ашықтық ұстанымын енгізіп, білім сапасын одан әрі дамытуға жол ашады. Бүгінгі күні барлық білім беру мекемелерінің заңдық негіздегі құжаттары Әділет департаменті тіркеуден өткізілді. Вертикалды басқару жүйесіне өтуге байланысты биылдан бастап білім беру ұйымдарындағы есеп және жоспарлау бөлімдерін автоматтандыру жұмыстары жасалуда. Бүгінде барлық білім ұйымдары аталған бағдарла­маны мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізіп, келісімшартқа отыру жұмыстары іске асуда, – дейді ол.

Айта кетелік, білім саласындағы мұндай тиімді басқару жүйесі Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Түркия, Франция елдерінің тәжірибесінде бар. Басқару жүйесіндегі бұл өзгеріс өз кезегінде білім сапасын арттыруға септігін тигізбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: