Жұма, 13 маусым, 03:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Университет делегациясы халықаралық бағдарламаға қатысуда

11.06.2025

131 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері мен студенттері Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Жазғы университет» халықаралық бағдарламасына қатысу мақсатында Бішкек қаласында іссапарда.

Аталмыш бағдарлама аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы» тақырыбына арналды. Конференция жұмысына Қырғызстан, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар мен студенттер қатысуда.

Іс-шара барысында қатысушылар тарих беттеріне үңіліп, Ұлы Жеңістің адамзат өркениеті үшін маңызын, бейбітшіліктің құндылығын және қазіргі геосаяси ахуалмен сабақтастығын талқылады. Сонымен қатар, баяндамаларда тарихи сана, ұрпақ сабақтастығы және аймақтық ынтымақтастық мәселелері қозғалды.

«Жазғы университет» бағдарламасы – білім алушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба бауырлас елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: