Биыл Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдары қала мектептерінің пән мұғалімдері және оқушыларымен бірлесіп, 5 негізгі бағыт бойынша «Жасыл мектеп» пилоттық жобасын бастады, – деп хабарлайды университеттің медиа орталығы.
Негізгі басым бағыттар биоалуантүрлілік, су үнемдеу, энергия үнемдеу, қалдықтарды сараптау, экологиялық-ақпараттық жұмыстарына берілді. Бүгінде BTS–education, «МИСиС» ҰЗТУ Edcrunch University орталықтарымен бірлесіп жаппай ашық онлайн курстар дайындалуда. Жоба шеңберінде «Математика», «Химия», «Физика» және т.б. пәндер бойынша Tedx форматында онлайн трансляциямен оқушыларға арналған волонтерлік сессияларды ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ғылыми жобалар орындау, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға көмек және нақты пәндер бойынша үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жасалады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!