Сенбі, 19 сәуiр, 06:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Университет ректоры 1-курс білім алушыларымен кездесті

21.02.2025

244 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова 1-курс білім алушыларымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ақпан айының 10-19 аралығында өткен кездесуге 2795 білім алушы қатысты.


– Елдің болашағы жастар десек, тұғырлы, іргелі әрі баянды болашаққа жету үшін жастарымыз барынша білімді, бәсекеге қабілетті болу керек екені өмір шындығы. Сондықтан әрбір студенттің ой-пікірі біз үшін маңызды,– деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.


Білім алушылар тарапынан оқу үдерісіне жасанды интеллектіні жедел ендіру, шетелдік тәжірибе алмасу, тағылымдама, сыртқы академиялық ұтқырлық аясын кеңейту, шетел (корей, қытай, араб, француз, латын, т.б.) тілдерін өз бетінше үйренуге жағдай жасау, ғылыми жобаларға ерте баулу, университет тыныс-тіршілігіндегі оң өзгерістерді басқа өңірлерге таныстыру мақсатында бейнеподкаст түсіру, әлеуметтік желілердегі жұмысты қарқындату, өндірістік іс-тәжірибені тиімді дамыту мақсатында полициямен түнгі рейдтерге шығу, жаңа стартап жобаларды қолдау сияқты ұсыныстар айтылды. Бұл ретте ректор сұрақтар мен ұсыныстардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Университет ректоры 1-курс білім алушыларымен кездесті


Айта кетейік, жыл сайын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдайтын жастардың қатары артып келеді. Бес жыл бұрынғы білім алушылар көрсеткішімен салыстырғанда биыл 2 есеге артқан. Қазіргі таңда университетте 10 512 студент білім алуда, оның ішінде 4 905 мемлекеттік білім гранты бойынша оқиды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: