Жұма, 15 тамыз, 15:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Университет студенттері Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтеді

15.08.2025

49 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының студенттері арасында Оңтүстік Кореяда киберқауіпсіздік саласы бойынша бір айлық тағылымдамаға іріктеу хакатоны өтті.
Байқау нәтижесінде үздік шыққан 10 студент Lupic бағдарламасы аясында халықаралық тәжірибеден өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің заманауи технологияларды қолдану қабілетін арттыру, киберқауіпсіздік бағытындағы білімін және практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ шетелдік тәжірибеге жол ашу болды.
Хакатон барысында қатысушыларға кейс ұсынылып, соған сәйкес жоба әзірлеу тапсырылды. Жұмыс барысында кез келген технологияны, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын және интернет ресурстарын қолдануға мүмкіндік берілді.
Бұл бастама студенттерге халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға, киберқауіпсіздік саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді меңгеруге және кәсіби қабілеттерін дамытуға жол ашады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: