Жұма, 27 желтоқсан, 00:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Университетте «Алқа билер кеңесі» орталығы ашылды

29.12.2023

843 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, сот саласының ардагері, білікті заңгер Тілектес Өміржанов атындағы «Алқа билер кеңесі» орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Жиында  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова ғалымның атқарған қызметі мен оқу орнының стратегиялық дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Тілектес Өміржанұлысаналы ғұмырын білім мен ғылым саласын дамытуға, дәрісхананың жаңғыртылуына, материалдық-техникалық базаның нығаюына атсалысып, жас ұрпақтың кәсіби маман, тегеурінді тұлға болып қалыптасуына арнап келеді. Кейінгі жылдары университетте дәрісханалар демеушілер есебінен көптеп ашылуда.Тұлғаларды ұрпаққа үлгі етіп, өнегелі істері мен мол мұраларын насихаттау мақсатында «Алқа билер кеңесі» орталығыныңашылуы болашақ заңгерлердің білікті маман болып қалытасуына үлкен үлесін қосары сөзсіз, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Салтанатты шарадаТілектес Өміржанов «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды. 

Жиынғауниверситеттің философия ғылымдарының докторы, профессор, БаймырзаҚожамберлиев, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Байжан Иманалиев,Прокуратура саласының ардагері, «Құқықтану» білім беру бағдарламасыныңаға оқытушысы ШынтемірДарбаев,Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы СветаЖуынтаева, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты. Сот саласының ардагерлері АмангелдіӘнуарбеков, Мырзамұрат Имандосов, ҚайыркелдіТемірбаев, Зейнолла Нұрсейітов қатысып, ғалымның еңбек жолына тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кету керек, Тілектес Өміржанұлы 1985-1998 жылдары Арал аудандық сотында «аға сот орындаушы», «заң кеңесшісі» қызметтерін атқарған.

1997-2002 жылдары ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Байқоңыр қалалық сотының судьясы, 2002-2010 жылдары Қызылорда облыстық сотының судьясы болып қызмет еткен.

2010-2014 жылдары «БТА Банк» АҚ заңгеріболып, 2014 жылы кәсіби адвокатжұмысын атқарған.

2021-2022 оқу жылынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы болып қызмет етуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: