Бейсенбі, 27 қараша, 20:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Университеттердегі әскери кафедралар факультетке айналуы мүмкін

27.11.2025

44 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова еліміздегі жоғары оқу орындарының әскери даярлық жүйесінде бірқатар өзгеріс енгізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде 40 жоғары оқу орнында әскери кафедралар жұмыс істейді.

Вице-министрдің мәліметінше, тыңдаушысы көп әскери кафедралар факультет мәртебесіне өтуді қарастырып жатыр. Бұл жұмыстар 2025 жылдың 25 желтоқсанында заң нормасы күшіне енгеннен кейін аяқталуы тиіс. Қазір Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Сәтбаев университеті әскери кафедраларды факультетке айналдыру мүмкіндігін пысықтап жатыр.

Сонымен қатар әскери кафедралар мен болашақ факультеттердің оқу үдерісіне технологиялық жаңартулар енгізу мүмкіндіктері кеңейтілуде.

Бүгінде білім беру бағдарламаларының реестрінде инженерлік бағыт бойынша 1 494 бағдарлама бар. Оның 870-і 200-ден астам кәсіби стандарт негізінде жаңартылған.

Инженерлік кадрларды даярлауды еліміздегі 54 жоғары оқу орны жүзеге асырады. Бұл мамандықтарда жалпы 103 446 студент оқып жатыр:

  • бакалавриат – 97 679,
  • магистратура – 4 741,
  • докторантура – 1 026.

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс 21 950 орынды құрайды (2024 жылы – 21 938, 2023 жылы – 23 518).

Жоғары білім беру бағдарламаларына заманауи әскери технологияларды меңгеруге бағытталған жаңа компоненттер енгізіліп жатыр. Атап айтқанда:

  • дрондар мен басқарылмайтын ұшу аппараттарын басқару,
  • әскери-өнеркәсіп кешенін жасанды интеллект жүйелерімен интеграциялау,
  • әскери робототехника,
  • киберқауіпсіздік негіздері және басқа пәндер енгізілді.

Вице-министрдің айтуынша, бұл жаңартулар әскери қызметтің қазіргі талаптарына сай мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Университеттердің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі серіктестік рөлі де күшейіп келеді. Инженерлік білім беру бағдарламалары қорғаныс саласы үшін мамандар даярлау мүмкіндігін кеңейтуде. Бүгінде жоғары оқу орындарында металлургия, материалтану, пайдалы қазбаларды байыту және титанмен байланысты технологиялық бағыттарды қамтитын бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, – деді Щеглова.

Қазіргі таңда үш жоғары оқу орнында “Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жүйелері” бағытында мамандар дайындалуда:

  • Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ: “Басқарылмайтын ұшу аппараттары және жүйелері”, “Ұшу динамикасы және ұшу аппараттарының қозғалысын басқару”;
  • М. Дулати атындағы Тараз университеті: “Басқарылмайтын ұшу аппараттарын басқару”;
  • Азаматтық авиация академиясы: “Басқарылмайтын ұшу аппараттары және жүйелері”.

Бұл бағдарламаларда IT-технологиялар, жасанды интеллект негіздері, техникалық дайындық, киберқауіпсіздік және әскери робототехниканың базалық пәндері қарастырылған.

2023 жылғы 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Қытайдың Тяньцзинь кәсіби институтымен бірлесіп Лу Бань шеберханасы ашылды. Ол электромобильдер, көлік ағындарын басқару және жасанды интеллект бойынша маман даярлайды. Бұл бағыт болашақта тиісті әскери есептік мамандықтарды енгізуге негіз бола алады.

Жыл соңына дейін Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Лу Баньның жасанды интеллект және өнеркәсіптік интернет-қауіпсіздік жөніндегі екінші шеберханасы ашылады. Ал келесі жылы үшінші – өнеркәсіптік робототехника шеберханасы М. Тынышбаев атындағы Логистика және көлік академиясында іске қосылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: