Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Университеттің 18 студенті Президенттік стипендия иеленді

24.11.2021

1562 0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 18 студенті Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды. Президенттік стипендия биылғы қыркүйек айынан бастап оқу  үлгерімі «өте жақсы» және университеттің қоғамдық жұмыстарында белсенділігімен ерекшеленген білім алушыларға тағайындалып отыр. Бұл студенттер қазіргі уақытта 81 000 – 171000 теңге көлемінде стипендия алады.

Білімді әрі белсенді жастарға қашанда жүйелі қолдау бар. Президенттік стипендия иегерлерінің бірі – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 4-курс студенті Айжан Дастанбек. Оқу орнына алғаш қабылданғанда Президенттік стипендия иегерлерімен танысудың сәті түсті. Сол кезде «мен де осындай үздік студент боламын» деген мақсат пайда болды. Бірақ Президенттік стипендия 3-курстан бастап тағайындалады. Ол үшін екі курс бойы барлық пән бойынша «өте жақсы» оқу қажет. Президенттік стипендия ең алдымен білім алушының оқу үлгеріміне және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігіне қарай тағайындалады. Өзім халықаралық, республикалық олимпиада, конференциялар мен ғылыми жоба конкурстарының жүлдегері атандым. Қазір 81 мың теңгеден астам шәкіртақы аламын,– деді Айжан Дастанбекқызы.

Президенттік стипендияны екінші оқу жылында да иеленген білім алушылардың қатарында «Жерге орналастыру» мамандығының 4-курс студенті Нұрсұлу Сүйіндік те бар.

Білім алушылар үшін бұл үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Бізге Президенттік стипендияға үміткерлерден құжат қабылдау басталғанын Инженерлі-технологиялық институтының директоры Гүлзат Асқарова хабарлады. Тамыз айында іріктеу жұмыстары жүргізілді. Биыл да Президенттік стипендия иегері атанғаныма қуаныштымын. Кейбір студенттер сабақ уақытынан тыс жұмыс істеп, қосымша қаражат табуға тырысады. Меніңше сабақты үздік оқып та, жоғары шәкіртақыны иеленуге мүмкіндік мол, – деді студент.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: