Жұма, 27 желтоқсан, 01:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Заңгермен кездесті

23.09.2024

357 0

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – «Еңбек күні». Атаулы күнге орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және құқық институтында философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясының ұйымдастыруымен «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің тергеу, анықтау саласында қатардағы және басшылық лауазымдарында қызмет атқарған, осы департаменттің Анықтау басқармасы бастығы қызметінен зейнетке шыққан полиция полковнигі Назарбек Жамал-ад-Дин қатысты. Кездесу қонағы экономика және құқық институты, құқықтану кафедрасының 1-курс студенттерімен қызмет жолындағы еңбек пен кәсібилік құндылықтар бойынша ойларымен бөлісті.
«Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері өз сауалдары арқылы заңгерлік мансап жолындағы ең маңызды қасиеттерді анықтап, білікті заңгер болу үшін қандай кітап оқу керектігін түсінді. Білікті маман жаңа заңнамалар мен нормативтік актілерді үздіксіз қадағалап отыру үшін қажетті ақпарат көздері бойынша ұсыныстарын жасады. Еңбек жолындағы ең күрделі процесті есіне түсірді. Құқық қорғау органдары жұмыстарында жасанды интеллектті қолданудың тиімді тұстары мен кемшіліктері туралы өз ойларымен бөлісті.
Кездесуді экономика және құқық институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Г.Дүзелбаева қорытындылады.

Заңгермен кездесті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: