Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Зерделінің ойы озық

19.11.2022

794 0

Робототехника білім саласындағы белсенділікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда оған ерекше назар аударылып отыр.

Негізі робот құрастыру – әр адамның ойлай білу қабілетіне байланысты. Бүгінде озық ойлы өрендеріміз көп екені байқалады. Мәселен, қаламыздағы №3 IT мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы  Дидар Көбенов робот құрастыруда оқ бойы озық келеді.

Ол асық ойнайтын робот ойлап тапқан. Осылайша асық атуды құрдасымен емес, құлтемірмен ойнауды жөн көріпті. Оқушы өз жобасы арқылы «ұлттық ойынды насихаттағым келеді» дейді. Дидардың айтуынша, роботтың жобасын сызып құрастыруға көп уақыт кетпеген. Бүгінде ол бұл жобасын алдағы IT жарыстарға дайындап жатыр. 

– Роботтың аты – асық ату. Бұл роботтың мақсаты шең­берде тұрған асықтарды атып, шеңберден шығару. Бұл роботты жарысқа дайындап жатырмын. Бұл жерде жолақшаның бойымен асық сырғанап келеді де асық ре­зеңкенің күшімен атылады, – дейді жас өнертапқыш Дидар Көбенов.

Роботты бағдарламалау, ин­новациялық технологияларды одан әрі дамытуда №3 ІТ мектеп-ли­цейдің орны зор.

Сонымен қатар «бағдарламалау мектебі» жобасы аясында қаладағы мектептерде өзге де оқушылар өз­дерінің тың идеяларын іске асыруда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: