Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Оқушылар ата-аналарымен бірге үй жағдайында әзірлеген өнімдерін саудалады.
Жыл сайын өткізілетін жәрмеңкеге Шаңырақ қауымдастығы түгел дерлік қатысты. Жас зияткерлер ата-аналарымен бірге пісірген құймақ, бәліш, бауырсақ, тоқаш пен түрлі тәттілер мектеп қызметкерлері арасында лезде саудаланып кетті. Нәтижесінде қайырымдылық қорына 400 000 теңгеге жуық қаражат түсті.
– Бұл қаражат «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында қаладағы жалғызбасты қарттарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге және қарттар үйінің қызмет алушыларына арналған мерекелік сыйлықтарға жұмсалатын болады, – дейді жоба координаторы, педагог-ұйымдастырушы-куратор Сәуле Серікбайқызы. – Мұндай жәрмеңкелер мектебімізде жыл сайын өткізіліп отырады және бұл шараға балалар аса белсенділікпен қатысатыны қуантады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!