Балабақшадан бастап, білім берудің барлық деңгейлерінде халықтың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Оқушылар санының өсу динамикасы мен апатты мектептерге талдау жүргізу нәтижесінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 15 100 орынға арналған 21 мектептің құрылысын салу жоспарланып отыр.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс орталығынан заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарлануда. Оның бесеуінің құрылысы биылғы жылы басталады.
Атап айтқанда, бюджеттен бөлінген 13 млрд. 416,7 млн. теңгеге Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық, сол жағалаудан 400 орындық 300 орындық жатақханасымен физика-математикалық мектеп-интернаты, сол жағалаудан 900 орындық, Арай мөлтек ауданынан 2000 орындық, КБИ мөлтек ауданынан 600 орындық, СПМК 70 мөлтек ауданынан 2000 орындық және Қызылжарма ауылдық округінен 900 орындық мектеп құрылысы басталады.
- Қызылорда қаласында №2 мектеп жанынан қосымша 550 орындық, №1 мектеп жанынан 375 орындық, № 264 мектеп жанынан 550 орындық және №3 мектеп-гимназия жанына 375 орындық қосымша ғимарат салу үшін облыстық бюджеттен 795,5 млн.теңге бөлінді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!