2026 жылы түлектер үшін ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылған.
Бүгінде қазақстандық ҰБТ-ны үздік әдіснамасы мен сапасы бар халықаралық тестілеу жүйесіне айналдыру үшін ETS ұйымының әлемдік деңгейдегі үздік мамандарын тарта отырып, арнайы жұмыс тобы құрылған.
Жұмыс тобының қызметі шеңберінде ҰБТ жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен және жүйелі түрде жүзеге асырылады. Қазір бес жылдық жоспар әзірлеу жоспарланған. 2026 жылы тестілеу форматына ешқандай өзгерістер енгізу жоспарланбаған. Барлық өзгеріс ғылыми тұрғыдан зерделеніп, шетелдік және отандық тәжірибелі маман-сарапшыларымен мұқият талқыланады, – делінген ведомствоның ресми жауабында.
Білім бағалау жүйесіндегі өзгерістер және олардың маңыздылығы мен күтілетін нәтижелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
