Сейсенбі, 07 қаңтар, 01:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Жаңақорған ауданында «Жайлы мектеп» ашылды

04.01.2025

219 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары кезінде «Жаңарық» ауылындағы 300 орындық мектептің ашылу рәсіміне қатысты. Білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған.

Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов қатысты.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды»,- деді.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қолға алынған Сыр өңіріндегі байыпты бастамалардың, мақсатты жобалардың игілігін халық көруде. Білімді азамат – егемен еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы. Қандай мықты мемлекет болмасын, жас ұрпақтың білімі мен оқу-ағарту ісіне барынша көңіл бөледі.
2024 жылы білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артты. Аймағымызда 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат салынып, ел игілігіне табысталды. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан бой көтерген «Шығармашылық академиясы» мамыр айында ел игілігіне табысталады.
Дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатыалдағы наурыз айында пайдалануға беріледі. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен қолға алынған музыкалық колледждің жаңа ғимараты да мамыр айында ашылады.
Шиелі ауданынан 200 орындық «Оқушылар үйі» мен �50 орындық «Өнер мектебін» пайдалануға береміз. 2023 жылы облыс орталығындағы 4 мектепке 1 850 орынға арналған қосымша ғимарат салдық. Бюджетке салмақ түсірмей, қаржыны үнемді пайдаланып, үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептер мәселесін шештік.
Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Мемлекет басшысының 1 300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жылға 51 мектеп жоспарланған. Заманауи білім нысандарының пайдалануға берілуі, жаңа келбеті – аймағымыздың білім саласына үлкен қолдау, балалар мен ұстаздарға деген ерекше қамқорлық. Бүгін табысталған жаңа білім ғимаратынан алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болғай”,-деді Н.Нәлібаев.

Салтанатты іс шарада Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы, Мәжіліс депутаты Мұрат Абдуламитұлы жиылған жұртшылықты құттықтады.
Сонымен қатар, ауылдың өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен құрылыс мекемесінің мамандары марапатталды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.
Президент тапсырмасына сәйкес 9-сыныпты бітірушілердің арасынан жұмысшы және орта буын мамандықтарды игеруге ниетті жастарды 100 пайыз тегін кәсіптік біліммен қамту жоспарланған. Аймақ колледждеріне 5 308 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінеді. Бұл – жастардың кәсіптік білім алуына берілген үлкен мүмкіндік.
Аймақтың еңбек нарығына қажетті кадрлардың ұзақ мерзімді болжамын анықтау үшін Мамандықтар атласы әзірленеді. Атласқа сәйкес жаңа мамандықтар ашылады.
Атаулы жылдың іс-шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 900 млн теңге қаржы қарастырылуда.
Қаржы колледждерді күрделі жөндеуге, материалдық- техникалық базасын жабдықтауға, мектептерде кәсіби бағдар беру кабинеттерін ашуға, «Кәсіби бағдар беру педагогы» штат бірлігін енгізуге және жұмысшы мамандықтарын дәріптейтін түрлі шаралар мен нақты жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталады.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: