Сәрсенбі, 16 сәуiр, 04:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Жақсы адам еді

15.04.2025

252 0

Төбелер көп өмірде,

Ал биіктер санаулы.

Санаулы олар сондықтан,

Жалпы жұртқа қалаулы…

 Өмірде тау тұлғалы адамдар сирек кездеседі. Егер сондай жанмен өмір ағымында кездессеңіз ол адам сіздің жүрегіңізде тайға таңба басқандай жазылып қалады. Күннің жарық нұрындай жүрегіңе сәулесін төгіп, жағымды үнімен, сыңғырлаған күлкісімен, зор мәдениеттілігімен, табиғат аямай бере салған сұлулығымен ерекшеленіп, дараланып тұратын тау тұлғалы, нәзік те болса, ер азаматқа бергісіз ірі істердің басы-қасында жүрген, елім деп аянбай маңдай терін төккен Жумадильдаева Наталья Васильевнаның 60-сыншы көктеміне жете алмай, мәңгіліктің кемесіне мініп, мәңгілік мекеніне қол бұлғап кете барғаны жанымызға батады. «Адам» деген ардақты атқа лайықты тұлғаның өмір жолына көз жүгіртер болсақ, бойжеткеннің бұрымындай әдемі өрілген өмірі көпке үлгі.

 Наталья Васильевна Жумадильдаева 1965 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.1987 жылы Н.П.Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетін француз тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 2004-2013 жылдары – Қызылорда қаласындағы      № 112 орта мектепте, 2008 жылдың 8 қыркүйегінен бастап, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейде  директор қызметін атқарды.  2008 жылдың 8 қыркүйегінен 2013 жылдың 13 қарашасы аралығында мектепті басқарған тұстары шығармашыл ұстаздарды  жан-жақты ізденімпаз болуға жұмылдырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізуге атсалысты. Осы жылдары оқушылар арасынан білім сайыстарының жүлдегері көптеп шығып, ұстаздар арасында қала, облыс әкімі сыйақысының жүлдегерлері көбейді.Наталья Васильевна шығармашыл,ізденімпаз,жаңашыл директор болды. Тәжірибелі,білікті басшы ретінде ұжымды абыроймен басқарды.                              

  2013-2015 жылдары – қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, әдіскер. 2015-2016 жылдары – Қызылорда қалалық Оқушылар және жастар үйінің директоры. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қызылорда облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы. 2019 жылғы 24 наурыздан бастап – Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінен 6-шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 2021 жылдан – Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Басқарма төрағасының кеңесшісі. 2022 жылы Жұмаділдаева Наталья Васильевна Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры болып тағайындалды. 2022 жылы Жұмаділдаева Наталья Васильевна Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры, 2023 жылдан бастап, ҚР Үкіметінің қаулысымен Наталья Васильевна Жұмаділдаева оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Осыншама қызметте жүріп өзінің адамдығынан аттамаған жан – елдің қызына айналды. 

«Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі, «Қазақстан халқының бірлігі» медалі, «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісі – оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және жетілдіру бағдарламаларын жүзеге асырудағы елеулі жетістіктері үшін марапатталып, өзінің еңбегіне сай дәрежеленіп отырды.  

1965 жылы 29 наурызында байтақ далада күн нұрына шомылған гүл 2025 жылдың наурызында   солды. Шоқ жұлдыздай жарқ етіп өшкен аяулы жанның жарқын бейнесі  қызметтес болған әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

  Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей ұжымы

   Б.Дүйсенбаев,

мектеп-лицей директоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: