Жұма, 22 қараша, 02:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жас ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарына 10 млн теңге бөлінеді

16.09.2021

745 0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің академиялық мәселелер жөніндегі пророекторы Абайбек Жүнісов қатысты. Ақпарат алаңында ҚР Президенті Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарлар және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіндегі санитарлық талаптардың сақталуы туралы баяндалды.

«Жолдауда айтылған жетекші ғалымдардың жалақысын базалық қаржыландыру арқылы төлеу, ғылыми ұйымдарды тікелей қаржыландыру, гранттық қаржыландыру бойынша ұтып алынған жобаларды орындау мерзімін 5 жылға ұзарту сынды қолдаулар ғалымдар үшін жағымды жаңалық болды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ғылым саласы басты назарда. Биыл тұңғыш рет университет ғылыми гранты аясында жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің конкурсы өткізілді. Жеңімпаздарға жаңа оқу жылында 10 млн теңге қаражат бөлінбек. Гранттың басты мақсаты – жастардың өңір экономикасының өзекті проблемаларына арналған зерттеулеріне қолдау көрсету, оларды жаңа ізденістерге жігерлендіру»,-деді академиялық мәселелер жөніндегі пророекторы А. Жүнісов.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Жолдауында әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін баяндады. Өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оқытушылар мен студенттерге барлық сақтық шаралары туралы

түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, университет қызметкерлерінің 98 пайызы, білім алушылардың 86 пайызы екпе алды. Университетте дәрістер – онлайн түрде, семинар, зертханалық және қолданбалы сипаттағы практикалық сабақтар санитарлық режимді сақтай отырып күндізгі форматта өтуде. Оқу ғимараттары мен жатақханаларға «Ashyq» бағдарламасы арқылы ғана кіруге рұқсат етілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: