Бүгін Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №212 мектеп-гимназиясы базасында «Жасанды интеллект арқылы өлкенің тарихын зерттеу және басқару» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға ардагер ұстаздар мен мектеп директорлары қатысты.
Семинардың мақсаты:
• Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, жүйелеу және жаңғырту.
• Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу және жаңа идеялар ұсыну.• Цифрлық құралдарды білім беру процесіне қолдану мүмкіндіктерін ұсыну. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген өкіл. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Ол – әдіскер де білімдар және өз ісін жетік білетін маман. Бүгінгі семинарда №212 мектеп-гимназиясын 20 жыл басқарған мектеп басшысы, тарихшы, ұстаз Мырзахмет Жетпісбаевтың есіміне арналған кабинеттің ашылу салтанаты болып өтті.
Кабинетті «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Марат Жайылханұлы, Қалалық ардагер ұстаздардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Байымбетов Мылтықбай ағай ашылу лентасын қиды. Кабинеттің ашылуы салтанатына ардагер ұстаздар, туысқандары қатысты. Бағдарлама бойынша №212 мектеп-гимназиясы ұстаздары шебер сағаттарды, кіріктірілген сабақтарды, ашық сабақтары мен сыныптан тыс сабақтарын жасанды интеллект бағдарламасымен өткізді. Жасанды интеллект бағдарламасын сабақ барысында қолдану – оқу процесінің тиімділігін арттырады. Ол жеке оқушыға бағытталған тапсырмаларды жасауға, білім алушылардың қызығушылығын арттырып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.«Педагогтардың инновациялық қызметін әдістемелік қолдау» атты шеберлік сағатында мектебіміздің «Үздік педагог» конкурсының жүлдегерлерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. «Күріш қалдықтарын қайта өңдеу және олардың қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында Химия ғылымдарының кандидаты, профессор Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы өз тәжірибесімен бөлісті.
«Сыр елі – төрт астана мекені» атты кіріктірілген сабақ тарихпен, жаратылыстанумен, музыка пәнімен байланысқан сабақтар көрсетілді. Соңғы қорытынды бөлімде Қызылорда педагогикалық шеберлік орталығының тренері Тұяқбаева Гаухар Арыстанбекқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Смағұлова Маржан Бертайқызы ұстаздармен кері байланыс жасап, өз ұсыныстарымен, тәжірибелерімен бөлісті. Әдіскерлер семинарға қорытынды баға беріп алдағы уақыттағы әдістемелік жоспарларымен бөлісті.

Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың қоғам иесі. Сондықтан болашақтың иесі – алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Сондықтан оқушыларды шығармашылық бағыт, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!