Жұма, 31 қаңтар, 11:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Жасанды интеллект – заманауи білім алудың тиімді құралы

31.01.2025

56 0

М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейінде  Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен бірлескен «STEM және жасанды интеллект – білім берудегі интеграцияланған модель» тақырыбында семинар-практикумы өткізілді.

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытуда  STEM технологиясының тиімді әдістерін   және  жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы білім сапасын арттыру мақсатындағы тәжірибе алмасу шарасына қала мектептерінің мұғалімдері мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, п.ғ.к. С.Меңліқожаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі Н.Абдикалыков, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  университетінің оқытушысы, PhD Г.Еңсебаева қатысты. Іс-шараны мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Алматова Күлзат ашып, семинар барысында роботтың адамдарға тән зияткерлік процестерге байланысты тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін, оқыту мен оқуды жақсартуда басқа да жасанды интеллект құралдарының тиімділігі жөнінде мектеп мұғалімдерінің өз тәжірибелерімен бөлісетініне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Мектеп директорының ғылыми әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Егізбаева семинардың бағдарламасын таныстырып, өтілу форматына тоқталды.

Семинар -практикум «Жасанды интеллект – заманауи білім алудың тиімді құралы» атты көрме таныстырылымымен басталды. Содан кейін негізігі бөлім бойынша  оқыту мен оқуды жақсартуда жасанды интеллект құралдарының тиімділігі, әртүрлі әдістер және оның ықтимал артықшылықтары, оқу нәтижелерін жақсартудағы мүмкіндіктері жөнінде  ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісті.

Жасанды интеллект – заманауи білім алудың тиімді құралы

Семинар – практикумның келесі бөлімінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесіп облыс және қала мектептерінің «STEM және жасанды интеллект – білім берудегі интеграцияланған модель» тақырыбында ұйымдастырылған  курс тыңдаушыларына сертификат табысталды.

Сонымен қатар  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі  Нұргүл Қуанышқызы жасанды интеллектінің  білім алушылардың  интеллектуалды қабілетін қажет ететін тапсырмаларды орындауға қабілетті бағдарламалар мен жүйелерді құрумен айналысатын технологиялық құрал екеніне тоқталып, Wooclap платформасында кері байланыс орнатып, семинарды қорытындылады.

Cәуле   ЕГІЗБАЕВА ,

М.Шоқай атындағы

№187 IT мектеп –лицейінің

мектеп директорының ғылыми әдістемелік

жұмыстар жөніндегі орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: