Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жауқазын» студенттік театрының репертуары жаңа қойылыммен толықты. Қойылым қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» шығармасының желісімен қойылды.
“Қойылым барысында студенттер шығарманың негізгі идеясы мен драмалық мазмұнын терең аша білді. Жастар махаббат пен өкініш, адасу мен кешірім тақырыптарын қозғап, көрерменнің жүрегіне жол табуға тырысты. Әрбір кейіпкер жан тебірентерлік сезімдері мен ішкі қайшылығы шынайы түрде жеткізді деп ойлаймын”,- деді Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы Жанар Бимұратқызы.
Рөлдерін жоғары деңгейде сомдап шыққан студенттік театр әртістері зор қошеметке ие болып, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Бұған дейін Жауқазын студенттік театры “Шәмші сүйген Изольда”, “Қарагөз”, “Қош махаббат”, “Махаббат мұнарасы” қойылымдарын сахналады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!