Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектебінің оқушысы Жібек Кучербаева бірінші орынды иеленді.
Құқық негіздері, Қазақстан тарихы және тілдер пәндері бойынша өткізілген білім бәйгесіне еліміздің әр облысынан 730 оқушы қатысты.
Сырбойылық зияткер Жібек Кучербаева Құқық негіздері пәнінен NIS намысын қорғады. Нәтижесінде, 50 дарынды жас арасынан оза шауып бірінші орынды жеңіп алды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!