Сейсенбі, 27 қаңтар, 15:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

Жұлдыз Сүлейменова министрлікке қандай командамен келгенін айтты

27.01.2026

49 0

Фото: t.me/KZgovernment

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ведомстводағы ауыс-түйіс дауына пікір білдірді, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Қызметіңізге кіріскеннен бастап бұрынғы мамандарды жұмыстан алып жатқаныңыз туралы ақпарат көп. Мысалы, 1 желтоқсанда Ыбырай Алтынсарин атындағы академия президенті Нәзипа Аюбаева лауазымынан босатылды. Мамыр айының аяғында ғана тағайындалған болатын. Осындай ротациялардың себебін түсіндіре аласыз ба? Осындай жолмен сізге дейін болған министрдің адамдарын аластап жатырсыз ба, – деп сұрады БАҚ өкілі.

Жұлдыз Сүлейменова Нәзипа Аюбаеваның қызметтен өз еркімен кеткенін атап өтті.

– Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті өзінің шешімімен кетті. Бұған дейін айтқанымдай, пәндерді біріктіру реформасын тоқтаттық. Ол шешімге аталған академия президенті көнбеді және қабылданған шешімнің өзгермеуіне байланысты өзі осындай шешім қабылдады.

Негізі менің өз командам жоқ. Тек көмекшіммен және кеңесшіммен келдім. Небәрі бес адаммен. Қазіргі ішкі кадрлық өзгерістердің бәрі бұған дейін бір орында 20 жыл, 30 жыл жұмыс істеген. Осы деректер дәлелденген жағдайда орнына адамдар меритократия қағидаты бойынша тағайындалып жатыр. Иә, кейбір кадрлар өздері шешім қабылдап кетіп жатыр. Енді оған мен ешқандай тоқтау қоя алмаймын, – деді министр.

Оның айтуныша, өз еркімен жұмыстан кеткен 45 адам бар.

– Екі ведомстволық бағынысты ұйымның басшысынан бөлек аппарат жетекшісі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары кетті. Қалған маманның бәрі жұмыс істеп жатыр. Сондықтан мамандар ағынының үлкен бір толқынын көріп отырған жоқпын. Бірақ менің алдымда қысқа уақыттың ішінде білім сапасын арттыру, жеке меншік мектептерді қаржыландыру сияқты проблемаларды шешу міндеті тұр. Ол міндеттерді орындау үшін білікті, кәсіби мамандар қажет. Министрліктің ішіндегі осындай мамандарды іздеп жатырмын. Көрген бойда көтермелеп, жақсы қызметтерге тағайындауды бастап кеттім, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ, ол пәндерді біріктіру реформасы неге тоқтағанын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: