Аталған тест алынып тасталды. Дегенмен, кей мамандар әлі де тапсырады. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Instagram парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды KAZINFORM
– Бұл уақытша тоқтату емес. Педагогикалық қоғамдастықта жұмыс істеп жүрген қызметкерлер пәндік біліктілік тестін тапсырмайды. Бұл тестіні алып тастадық. Бірақ бұл тестіні кімдер тапсырады? Педагог мамандығына ең алғаш қадам басып жатқан университет түлектері тапсырады. Өйткені олар салаға енді ғана келіп жатыр. Олардың білім деңгейін білуіміз қажет, – деді ол.
Сондай-ақ жас мамандар бұл тестіден екі жылдан кейін қайтадан өтуі тиіс.
– Осы жаңа ұстаздар екі жылдан кейін педагог-модератор біліктілік деңгейіне, яғни аттестацияға қадам басқанда, педагог біліктілігінің тестін тапсырады. Басқа жағдайда категорияға, аттестацияға тапсыратын бірде-бір ұстаз бұл тестілеуден өтуге міндеттелмейді. Педагог біліктілігі тестінің аттестацияға ешқандай байланысы болмайды, – деді министр.
Ал бұл жаңалық жарияланғанша тестілеуден өтуді бастап қойғандар оны соңына дейін аяқтайды.
– Бұған дейін 51 мың педагог тапсырып, шекті балын жинаған екен. Олар шекті балын жинап, бүкіл портфолиосын жинақтап, аттестациядағы қазір көрсетіліп тұрған кезеңдерді тапсырады. Өткендері қыркүйектен бастап қосымша үстемеақысын алады, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
