Сәрсенбі, 11 маусым, 17:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Жұлдызай Такисбай Универсиадада алтын жүлде иеленді

10.06.2025

100 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жұлдызай Такисбай XIII Жазғы Универсиада ойындарында әйелдер күресінен алтын медаль жеңіп алды.

Түркістан қаласындағы «Түркістан Аренада» өтіп жатқан дүбірлі доданың алғашқы күндерінен-ақ Жұлдызай жоғары шеберлігі мен мықты дайындығын көрсетіп, университет намысын абыроймен қорғады. Бұл жетістік – студентіміздің тынымсыз еңбегі мен жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі.

Ауқымды жарысқа еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысып, спорттың бірнеше түрінен бақ сынауда. Жазғы Универсиаданың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.

Айта кетейік, XIII Жазғы Универсиада 14 маусымға дейін жалғасады. Университетіміздің намысын қорғап жатқан барлық студенттерге сәттілік тілейміз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: