Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнур Әбілтайқызы Бурибаева бастаған делегациясы Байқоңыр қаласының әкімшілігіне жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында рекрутинг және мансап басқармасының басшысы Жандос Оразмаханов, кәсіпкерлік орталығының басшысы Жанарыс Тубекбаев және «Korkyt ata endowment» КҚ директоры Маржан Базарханова болды.
Кездесудің мақсаты – екі жақты байланыстарды жолға қою, өндірістік практикаларды ұйымдастыру, университет түлектерін жұмысқа орналастыру, бірлескен іс-шараларды (оның ішінде бос орындар жәрмеңкелерін) өткізу. Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу шеңберінде одан әрі бірлескен жұмыстарды тақырыптық талқылау, ғылым мен жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу жұмыстары кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында Майнур Әбілтайқызы одан әрі өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты нығайту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Ал Байқоңыр қаласы Әкімшілігінің Басшысы Бусыгин Константин Дмитриевич бірлескен жемісті жұмысқа дайындығын және ортақ мақсаттарды тиімді іске асыруға сенімділігін білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Меморандум бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!