Бейсенбі, 14 тамыз, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Жұмысшы мамандығы – өндірістің негізгі тірегі

14.08.2025

24 0

Жұмысшы  мамандықтарының  маңызы күннен-күнге артып келеді. Қазіргі  таңда  қоғамға  түрлі салада кәсіби шеберлігі жоғары, тәжірибелі  кадрлар қажет. Осы  сұранысты  өтеу  жолында енбек етіп келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі- Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі. 

Колледждің басты миссиясы- теориялық білім мен тәжірибелік  дағдыларды меңгерген, еңбек нарығында  бәсекеге  қабілетті  білікті  мамандарды  даярлай отырып,  өңірдің  индустриялық  дамуы барысында туындаған жұмысшы және орта буын мамандардың  сұраныстарына сай   білікті  мамандар  даярлау.

Колледжде 18 мамандық, 28 біліктілік  бойынша  білім  беріледі. Оқу  ордасы мемлекеттік лицензияға  ие және  техникалық, кәсіптік  бағыттағы заманауи  маман  даярлауға  толық мүмкіндік  беретін  материалдық-техникалық базаға ие.

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды – «Жұмысшы  мандықтар  жылы » деп жариялады. Осыған  орай елімізде  жыл  басынан  бері жұмысшы  мамандықтарының маңыздылығын арттыру мақсатында ауқымды шаралар ұйымдастырылып келеді.

2025-2026 жаңа оқу жылында 300 талапкерді қабылдау жоспарлануда. Бүгінгі күнге дейін 160 талапкерлердің құжаттары қабылданды.

2024-2025 оқу жылында 75 түлек бітірді. Оның ішінде 13 бітіруші түлекке аудан кәсіпорындарынан  жолдама арқылы жұмысқа орналасты.

Жұмысшы мамандығы – өндірістің негізгі тірегі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: