Жұма, 27 желтоқсан, 07:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

1 желтоқсан – невролог күні

28.11.2022

875 0

1 желтоқсан – Халықаралық невролог күні. Адамның жүйке жүйесі барлық өмірдің процестерге қатысады. Көптеген аурулар неврологиялық себептерге байланысты болуы мүмкін. Шиелі аудандық ауруханасының дәрігерлері буғана плекситі диагнозы қойылған науқасқа көмек көрсетті.

Бұл ауру қатты ауырсынумен, ісінумен, қолдағы сезімталдықтың жоғалуымен көрінеді. Осындай белгілермен Назира Төлешова емхана дәрігерлерге жүгінді. Шиелі аудандық мұрағатының 59 жастағы қызметкері күндізгі стационарға емделуге жолданды. Неврологиялық патологияны одан әрі емдеу үшін науқас Шиелі аудандық ауруханасының тәулік бойы стационарына жатқызылды.

«Оң иығым қатты ауырды, орнымнан тұра алмадым. Қазір деңсаулық жағдайым жақсарды. Ауруханада қажетті емнің барлығын аламын – антибиотиктер, массаж, жаттығу терапиясы. Дәрігерлерге мың алғыс! Басқа аурулар бойынша есепте тұрған жоқпын. Тез жазылып кетемін деп сенемін, өткені жақында жылдық есеп»,  – дейді Назира Төлешова.

Невропотолог Мира Әнуарбекованың айтуынша, аурудың асқынуы сал ауруына байланысты мүгедектікке әкелуі мүмкін.

«Қозғалысу аз, жарақаттар, остеохондроз, эндокриндік, аутоиммунды аурулар және басқа да бірқатар факторлар плекситтің себептері болып табылады. Уақтылы емдеу сіңір рефлекстерінің толық қалпына келуіне мүмкіндік береді», – деп атап өтті Мира Әнуарбекова.

Шиелі аудандық ауруханасы мамандарының мәліметінше, терапия бөлімшесінің тәулік бойғы стационарында жыл басынан бері 2 мыңнан астам ауыл тұрғыны ем қабылдаған. Бұл мақсаттарға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 366,6 млн. теңге бөлінді.

Айгүл Аханова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: