Қазақ онкология және радиология ҒЗИ мамандары мен ДДҰ сарапшысы Қазақстандағы жатыр мойны обыры проблемасын шешудің кешенді тәсілін, Қазақстандағы АПВ вакцинопрофилактикасының перспективаларын, жатыр мойны обырын диагностикалаудың негізгі әдістері мен емдеу қағидаттарын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жатыр мойны обыры – жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. ЖМО-қазақстандық әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, бұл адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын жалғыз обырдың түрі. Көп жағдайда жатыр мойны обырының дамуына АПВ себеп болады. Жатыр мойны обырының ең жоғары деңгейі 40-44 жаста.
Қазақстанда әйелдердің арасындағы онкопатология құрылымында жатыр мойны обыры (ЖМО) сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын «жатыр мойны обыры»диагнозы 1800 әйелге қойылады, жыл сайын осы аурудан 600 қазақстандық әйел қайтыс болады.
Дүние жүзінде жатыр мойны обыры жыл сайын шамамен 600 000 әйелде анықталадыжәне жыл сайын шамамен 340 000 әйел аурудан қайтыс болады.
Дәстүр бойынша, қаңтар – бұл проблема туралы халықты хабардар ету және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қоғамдық денсаулық сақтау проблемасы ретінде жатыр мойны обырын жоюдың жаһандық стратегиясын қолдауды күшейту үшін жатыр мойны обыры туралы хабардар болу айы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жатыр мойны обырын жою жөніндегі жаһандық стратегиясы денсаулық сақтау мәселесі ретінде жол картасын қамтиды:
Вакцинациялау: қыздардың 90%-ы 15 жасқа дейін АПВ вакцинасымен толық егілуі керек (ұлдарды да егу ұсынылады).
Скрининг: әйелдердің 70%-ы 35 жасында және 45 жасында жоғары тиімді тест арқылы скринингтен өтуі керек.
Емдеу: обыралды бар әйелдердің 90% және инвазивті обырға шалдыққан әйелдердің 90% емделуі керек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!