Сенбі, 23 қараша, 03:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

2-8 жас аралығындағы балаларға да вакцина салынуы мүмкін

05.05.2021

2014 0

Pfizer және BioNTech компаниялары бірлесіп жасаған коронавирустық вакцинаны АҚШ-та 16 жастан бастап қолдануға болады.

Америкалық Pfizer және немістің BioNTech компаниясы қыркүйек айында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) 2 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға коронавирустық вакцинаны шұғыл пайдалануға рұқсат сұрауы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

Hill газетінің мәліметінше, компания екі жастан бес жасқа дейінгі және бес жастан он бір жасқа дейінгі балаларға арналған сынақтардың аяқталуы жақын қалғанын жеткізген.

Бұған дейін Pfizer және Biotech FDA-ға 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге CОVID-19 вакцинасын шұғыл пайдалануға рұқсат алу туралы өтініш берген болатын. New York Times газеті FDA келесі аптада жасөспірімдерге арналған вакцина мақұлдануы мүмкін деп мәлімдеді.

Pfizer және BioNTech компаниялары бірлесіп жасаған коронавирустық вакцинаны АҚШ-та 16 жастан бастап қолдануға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: