Қазақ халқы қайырымдылық жасаудан жалықпаған халық. Бүгінгідей сын кезеңде жанашырлық танытып, көпке көмегін көрсетуге асыққан жандардың бірі – Равиль Гайниев. Ол – «Фарматека» ЖШС-нің атқарушы директоры. Бүгінде білім ордасын 9 және 11 сынып оқушылары сынақ тапсыруға дайындалып жатқаны баршаға мәлім. Ал бетпердені бірі тақса, бірі ұмытып кететіні жасырын емес. Осыны ескерген Равиль қалада орналасқан 7 мектепте 20 мың бетпердені тегін таратты. Қораппен таратылған бетпердені мектеп директорлы қабылдап, оған өз алғыстарын жеткізді.
– Елде дәріханаларда медициналық маскалардың тапшылығымен қатар, бағасының күрт көтерілуі ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Осы мәселені шешудің бір жолы ретінде дәріхана желісі тегін медициналық маскаларды таратуды ұйғарыпты. Біз алғысымызды жеткіземіз, – деді №271 Байұзақ Ермекбаев атындағы орта мектептің директорының орынбасары Зайрхан Жапанов.
Иненің жасуындай болса да жақсылық жасау ізгіліктің белгісі. Мұндай игі амалдың ел басына қатер төнгенде орны тіптен бөлек. Қазіргі уақытта жұртқа ауадай қажет болып тұрған қорғанышты тегін таратқан кәсіпкер мұны өзінің парызы санайды.
– Қайырымдылық кез келген қиындықты жеңеді. Біз оған сенеміз. Білім ордасын таңдаған себебіміз оқушылар әлі ойын баласы. Олардың бәрі бетперде алып жүрмейді ғой. Сол себепті мектептерде үлестіруді жөн санадық. Мұғалімдер ҰТБ тапсыратын оқушыларға бере қояды. Бүгін 20 мың бетпердені үлестірдік, – деді «Фарматека» ЖШС-нің атқарушы директоры Равиль Гайниев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!