Бейсенбі, 04 желтоқсан, 10:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар да скринингтен өте алады

04.12.2025

30 0

Фото: pexels. com

2026 жылдың қаңтарынан бастап кейбір медициналық қызметтер МӘМС пакетінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауысады. Осылайша, бұл қызметтер сақтандырылмаған азаматтарға да тегін көрсетіледі. BAQ.KZ бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Скринингтік зерттеулер МӘМС пакетінен ТМККК пакетіне, оның ішінде онкологиялық скринингтерге ауыстырғаны біз үшін маңызды. Бұл өзгеріс бүкіл халыққа жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома, вирустық гепатит сияқты ауруларды алдын ала диагностикалау қызметтеріне қолжеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, скринингтер барысында медицина қызметкерлері алдын ала ағзадағы ауруларды анықтап, олардың одан таралуына жол бермеуі мүмкін, – деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.

Бұдан бөлек, «ауыр» ауруларды уақытылы анықтау мақсатында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер де қарастырылған.

Сондай-ақ ол заң шеңберінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туындаған кезде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін пакетке ерте диагностикалауды енгізу көзделгенін атап өтті. Қазір ТМККК-да диагноз қою үшін медициналық қызметтер АИТВ және туберкулезге күдік болған жағдайда ғана жүргізіледі. Басқа жағдайларда пациенттер диагноз қою және әлеуметтік маңызды аурудың болуын растау үшін сақтандырылуы керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: