Жұма, 22 қараша, 05:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

25 сәуір – Дүниежүзілік безгекке қарсы күн

25.04.2023

915 0

Жыл сайын 25 сәуірде Дүниежүзілік безгекпен күрес күні өткізіледі. 2023 жылы осы күн «Безгек ауруын нөлдік деңгейге жеткізу кезі: инвестиция, инновация, енгізу» атты ұранмен өтеді. Бұл ісшара – халықтың безгек, оның салдары және денсаулықты қорғау тәсілдері туралы хабардарлығын арттыруға, күрес стратегиясы,  тиімді вакцина әзірлеу туралы ақпаратты таратуға бағытталған.

Қызылорда облысы безгек ауруы бойынша эндемиялық аумаққа жатпайды. Алыс және жақын шетелдерден келген туристер, маусымдық жұмысшылар, еңбек мигранттары, қоныс аударушылар безгекті еліміздің аумағына әкелген жағдайда аурудың жергілікті жағдайлары тіркелуі мүмкін.

Егер Сіз демалысыңызды Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Оңтүстік Америкада өткізуді жоспарласаңыз немесе жұмыс бабымен баратын болсаңыз осы елдерде тропикалық аурулар мен безгек ауруын жұқтыру қауіпі бар екенін естен шығармаған жөн.

Безгек – жіті паразитарлық аурушаңдық, безгекті қарапайымдылардың плазмодий түрлері тудырады, Anopheles масалары арқылы таралады, ұстамалы қызба, мерзімдік қалтырап тоңу мен дене қызуының көтерілуі, денені тер басу, қан аздылықпен, бауыр және көк бауырдың үлкеюімен сипатталады.

Паразиттің түріне байланысты аурудың жасырын кезеңі 8-30 күнді құрайды, инкубациялық мерзім 6 айдан 3 жылға дейін созылуы мүмкін.

Безгек қоздырғышының бірнеше түрі болады, соның ішінде тропикалық безгек өте ауыр түрде өтеді, дер кезінде ем қабылдамаса науқас адамның миына зақым келіп, өліп кетуі мүмкін.

Безгекті өздігінен емдеуге болмайды. Аурудың клиникалық белгілері болса немесе оған күдіктенген жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, қанды безгекке тексерту қажет.

Безгекке қарсы вакцинаның жоқтығына қарамастан, аурудың алдын алуға болады. Осыған орай, Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті безгек ауруы кең таралған эндемиялық елдерге баруы туралы шешім қабылдаған барлық азаматтарға мынаны ескертеді:

  • осы елдерге барар алдында міндетті түрде емдеуші дәрігерге қаралып, безгекке қарсы қолданылатын химиялық препараттардың мөлшері мен қабылдау тәртібі жөнінде кеңес алып, қолдану нұсқамасын қатаң сақтау қажет. Безгекке қарсы химиялық препараттарды эндемиялық елдерге бармас бұрын 1 апта бойы, сол елде болған кезде және елге оралғаннан кейін 4 апта бойы үзбей қабылдау керек.
  • безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы – масаның шағуына жол бермеу, сондықтан оны денеге жолаптпайтын репеллентерді өзіңмен бірге алуды ұмытпау керек.
  • назар аударамыз, «жылы» тропикалық елдерден оралған туристер, денсаулығы сыр берген жағдайда (басы ауырып, дене қызуы көтерілсе) тез арада тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке жүгінуі қажет. Диагнозды нақтылап, қажетті зертханалық зерттеулеу жүргізу үшін міндетті түрде безгек ауруы бойынша эндемиялық елден келгендігі туралы хабарлауы тиіс.

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: