Сейсенбі, 26 қараша, 03:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

28 шілде – дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні

28.07.2023

411 0

Жыл сайын 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да халыққа гепатит түрлерінің қаупі туралы ақпарат беруді арттыруға және азаматтарды диагностика, вакцинация сияқты профилактикалық шаралар қабылдауға тартуға бағытталған Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі.

Вирустық гепатит – әртүрлі вирустардан туындайтын жұқпалы аурулардың үлкен тобы, бауырдың зақымдануымен сипатталады, бірақ бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.

А және Е гепатиті – вируспен ластанған азық-түлік пен су арқылы және тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамға жұғуы мүмкін. В және С гепатиті – қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғуы ықтимал. В және С вирустық гепатиті құшақтасу, қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді немесе ұқсас объектілерді рекреациялық пайдалану арқылы берілмейді. D гепатиті – жекежұқпайды, ол тек Вгепатитіменбіргедамиды.

В және С гепатиттерісозылмалытүргеауысып, бауырциррозынанемесебастапқыбауыробырынаәкепсоғуымүмкін..

Ағымдағы жыл басынан бері Қызылорда облысында жедел вирусты гепатитті жұқтырудың 80 жағдайы анықталды. Оның ішінде В түрімен – 1 және С түрімен – 4 дерек тіркелді. Гепатиттің  А түрі 75 адамнан анықталды, оның басым көпшілігі мектеп оқушылары арасында анықталды – 46,7%,  одан кейінгі көрсеткіш мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілері үлесінде – 12%, ұйымдаспаған балалар үлесі – 18,7%, студенттер арасында 12% және жұмыс жасайтын тұрғындар арасында 1,3% анықталды.

Эпидемиологиялық зерттеу көрсеткендей, А вирусты гепатитіне шалдыққандардың басым көпшілігі ауруға қарсы уақытылы вакцина алмаған 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Ата-аналар көбінесе діни көзқарас пен екпеге деген сенімсіздіктерін себеп етіп екпе салдыртудан үзілді-кесілді бас тартады. Сәйкесінше вакцина салдырмағанның салдары аурушаңдықтың өсуіне әкеледі, себебі екпе алмаған бала ауруға өте сезімтал болып келеді, ұжымдық иммунитет төмендеген сайын вирус та күшейіп, әсіресе ұйымдасқан балалар арасында тез тарайды.

Вирустық гепатиткеқарсы қарапайым ережелерді сақтай отырып, қауіп-қатерді төмендетуге болады. Ең алдымен, А және В гепатитіне қарсы егілу қажет. В гепатитіне қарсы моноекпе перзентханада және біріктірілген екпе түрінде  сәбидің 2, 4 айлығында барлығы 3 рет салынса, А түріне қарсы вакцина 2 жастағы балаға 2 рет жүргізіледі. Облыс бойынша ағымдағы жылға жоспарланған 2 жастағы балалардың ВГА1 вакцинасымен қамтылу көрсеткіші 100%-ды құрады. Олардың 60%ВГА2 екпесін алып үлгерді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен В және С гепатитінің алдын алу бағытында донорлық қанды тексеру, стерильдік инъекциялық жабдықтардың қауіпсіздігі үнемі бақыланады. Микроскопиялық мөлшердегі қан ұстарада, тіс щеткасында, тырнақ алатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды басқалармен ортақ қолданбау керек. Стерильденбеген құралдармен пирсинг және татуировка жасатпаған және жөнсіз жыныстық қатынастан аулақ болған жөн. Сұлулық салондарына, медициналық процедуралар көрсететін клиникаларға барғанда алдымен олардың санитариялық-гигиеналық тазалықтарына аса мән беріңіз.

А және Е гепатиттерінің алдын алу бағытында сапалы таза су ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, өнімдерді термиялық өңдеуден өткізу қажеттігі жөнінде  санитариялық-ағарту, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Инфекция көзін анықтау үшін жүргізілген эпидемиологиялық сауалнама барысында ағымдағы жылы «А» гепатитіне шалдыққандардың 5,3% ауруды су арқылы, 16% тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұқтырған деп болжанады. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауру белгілері байқалған сәтте жедел медициналық көмекке жүгінуге, науқас адамдармен қарым-қатынас жасағанда санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды орындауға, жеке бас гигиенасын сақтап, медициналық тексерулерден уақытылы өтіп тұруға кеңес береді.

Динара Жаңабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: