300-ден астам қазақстандық дәрі-дәрмек Еуразиялық экономикалық одақ рәсімдері аясында тіркеуден өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Айтуынша, биыл дәрілік заттарды Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) рәсімдері аясында тіркеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Бұл тіркелген дәрілердің жалпы санын 60 %-ға көбейтеді, олардың ішінде 300-ден астамы – қазақстандық дәрілер. Осы үрдісті жылдамдату үшін сараптамалық жұмыстардың құнын 90%-ға төмендету шаралары қабылданып, сараптама порталы әзірленді, – деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар ол өтініш берушілерге арналған Call-центр құрылғанын алға тартты.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген дәрілік заттар бойынша салыстырмалы талдау нәтижесінде Қазақстан нарығы көрсеткіштері өзге елдерден кем түспейді, бұл кең ассортименттің бар екендігін көрсетеді, – деді Тимур Мұратов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
