Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

70 адамға АИТВ жұқтырған медбике сотталды

15.12.2025

36 0

Сурет: Zakon.kz.

Кабардино-Балкарияда (Ресей) 70-тен астам науқасқа АИТВ және гепатит жұқтырған медбике сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новостидің хабарлауынша, әйелдің іс-әрекеті мекемеде болған тексерістен кейін анықталған. Қызметкерлер зарарсыздандырылмаған медициналық бұйымдарды, бір реттік бұйымдарды бірнеше рет қолданып, басқа да бұзушылықтарға жол берген.

«Салдарынан 71 науқас жедел вирустық С гепатитін, сондай-ақ АИТВ-инфекциясын жұқтырудың бес жағдайы тіркелді», делінген хабарламада.

Аталған оқиға фактісі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу бабы бойынша іс қозғалды. Бас директор, дәрігер және медбике сотқа тартылды. Соңғысы басқа адамға АИТВ жұқтырды деп айыпталады.

Сот әйелді төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Қалған сотталушыларға қатысты қудалау тоқтатылды, өйткені істі қарау мерзімі ескірген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: